Көкшетау қаласының ескерткіштері

Көкшетау қаласының НЗМ ФМБ оқушысы Өмірзақ Айлана «Көкшетау қаласының ескерткіштері» ғылыми жобасына авторлық құқыққа ие болды. Ғылыми жетекшісі: Харахат Калемшаривқызы. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты қаламыздың ескерткіштерін зерттеу, жинақтау, тарату болды. Зерттеу барысында Айлана Көкшетау қаласының ескерткіштерін шығу тарихы мен мазмұнына қарай топтады.
Зерттеу негізінде қаладағы ескерткіштердің орналасуы бойынша макет жасалып, әрбір ескерткіштердің тарихы зерттеліп, жинақталып “Көкшетау қаласының ескерткіштері” кітабы жарық көрді. М.Жұмабаев атындағы кітапханада кітаптың тұсау кесері өтті. Мектептің қолдауымен кітап орыс, ағылшын тілдеріне аударылып, электронды нұсқада жарық көрді.