Global Scholars бағдарламасы аясындағы акция

Жазғы мектеп уақытында Көкшетау қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары Global Scholars бағдарламасы аясында акция ұйымдастырып, Қопа көлінің жағалауын қоқыстан тазалады. Шараның мақсаты: оқушылардың жаһандық ғалымдар жобасы бойынша жұмыс істеу барысында шет тілін заманауи әлемнің талаптарына сәйкес байланыс құралы ретінде қолдану қабілеттерін дамыту. Жаһандық азаматтықты, өскелең ұрпақ алдындағы жер және оның ресурстары үшін жауапкершілік сезімін күшейту. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары сабақта қаншалықты үздік болса, жұмыста да соншалықты пысық екендіктерін дәлелдеді.

FF52845D-189A-48AB-96DE-8E8B12E69350 B32F76E7-B042-4931-8DE6-94485A9092A6 63267CFF-56E4-4894-A214-9D8C6E3CE9E6 785DDAA8-C2C9-40AB-AA69-D41D9345DD3E 218E03AD-8456-49F3-AF50-E6268A862DEC 54ABD60F-180B-42AE-8A1E-8C6AD5D2F192 04FF0CB5-0F4C-4195-A831-8FBF19F51EA7 1F770893-D5AD-44AF-B2F5-A98131F8CDC0 0ED11F6A-D38B-43C2-AC94-182554E4E07F