ГАЖ құралдарымен ғылыми жобалар әзірлеу.

ГАЖ дегеніміз не? ГАЖ құралдары қалай жұмыс істейді? Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары осы және басқа да сұрақтардың жауабын іздеді. «Даналық бейсенбі» жобасы аясында 9-10 сынып оқушылары үшін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің география, экология және туризм кафедрасының аға оқытушысы Иван Плачинтамен онлайн кездесу өтті. Жиын тақырыбы: ГАЖ (географиялық ақпараттық жүйе) құралдарымен ғылыми жобалар әзірлеу. Кездесу мақсаты: мектеп қабырғасында ғылыми жоба әзірлеу барысында ГАЖ мүмкіндіктерін көрсету. Кездесуге білім ордасының география және информатика пәндерінің мұғалімдері де қатысты. Иван Георгиевич жиналғандарға ГАЖ құралдарының қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, аталмыш жүйенің мүмкіндіктері жайлы айтып берді.

уч четверг 2уч четверг