«ДАНАЛЫҚ БЕЙСЕНБІ»

   Танымалдылығы бойынша бірінші орында тұрған, әлемдегі ең алпауыт кеңейтілген іздеу жүйесі, ақпараттарды 191 тілде табуға мүмкіндік беретін әйгілі «Google» компаниясында жұмыс істегіңіз келе ме? Бұл компанияға жұмысқа орналасу үшін не білу шарт?

Осы және басқа да қызықты да танымдық сұрақтарға «Даналық бейсенбі» жобасы аясындағы онлайн кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тумасы, Урбана – Шампейндегі Иллинойс университетінің түлегі , «Google» компаниясының Дублин кеңсесіндегі бағдарламашы Дархан Кубигенов жауап берді.

Дархан «Болашақ» бағдарламасының түлегі. АҚШтың Иллинойс университетінде  білім алған. Онлайн кездесу барысында «Google» компаниясына орналасу жолында қандай қиындықтар болатынын, ол жерде жұмыс істеу үшін нені білу керектігін, не маңызды екенін егжей-тегжейлі айтып берді.

«Белсенді болыңыздар, тілдерді меңгеріп, таңдаған істеріңізді жақсы көріңіздер. Алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында ешқандай қиындықтарға мойынсұнбаған абзал. Тек, сонда ғана дегендеріңізге жетесіздер» , -деп ақылын да айтты.

Кездесу соңында оқушылар қонаққа шет елде жұмыс істеудің қиыншылықтары мен оң тұстары қандай, дайындықты қашан бастаған дұрыс, не білу керек деген сияқты көкейлеріндегі сан алуан сауалдарын жолдады.

1 сағатқа созылған онлайн кездесу өте танымды әрі қызықты өтті. «Даналық бейсенбі» жобасы аясында оқушыларымыз тағы бір қызықты тақырыпты талқылап, білімдерін кеңейту мүмкіндігіне ие болды.