Браво, «Bravissimo»!

Көкшетаудағы NIS-тің «Bravissimo» хоры республикалық шығармашылық фестивальде жүлделі 1-орынға ие болды. Зияткерлердің аталған байқаудан жеке де жетістіктері бар.

16-наурыз күні Көкшетау қаласында «The Legacy Show Art Spring 2024» атты республикалық шығармашылық фестиваль өтті. Сайысқа Көкшетаудағы NIS-тің жас орындаушылары да түсті. Байқаудың нәтижесі бойынша, «Bravissimo» хоры 1-орын, жеке орындауда 7-сынып оқушысы Жандос Оралұлы 2-орын иеленсе, 10-сынып оқушысы Снежана Ператинская бас жүлдеге ие болды.

Оқудағы тығыз уақыттарына қарамастан, оқушылар осындай шығармашылық байқауларға да қатысып, жүлделі орындарға ие болатыны қуантады. Хордағы 39 оқушы мен Жандос пен Снежана ынтымақтың, татулықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мен олармен мақтанамын, – деп атап өтті жетекшілері, қосымша білім беру педагогі Анастасия Ператинская.