Тарих пен география ӘБ

2021-2022 оқу жылындағы тарих және география әдістемелік бірлестігі жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Оқушылардың зерттеу дағдысын дамытуға баса назар аудару;
  2. Бірлесіп сабақ жоспарлау арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыруда оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп шығармашылықпен жұмыс істеуге және   сыни тұрғыдан  креативті ойлауға үйрету;
  3. Орыс сыныптарында география, тарих пәндерін қазақ тілінде оқытуда тілдік орта қалыптастыру, академиялық тіл игеру қабілетін дамыту;
  4. Мұғалімдер кәсіби тәжірибесін сабақтарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жетілдіру;
  5. Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби біліктілігін арттырудың жаңа формаларын енгізу (коучингтер, вебинарлар, бейне сабақтар және т.б.);
  6. Цифрлық ресурстарды сабақтарда тиімді қолдану;

2021 – 2022 оқу жылында әдістемелік бірлестікте 10 мұғалім жұмыс істейді.  Кәсіби біліктілігі бойынша  4  мұғалім- эксперт, 2 мұғалім- модератор,  4 мұғалім. 5 мұғалімнің магистр дәрежесі бар.

Әдістемелік бірлестік мұғалімдері өзінің кәсіби даму жоспарына сай жұмыс жасауда. Кәсіби құзыреттілігін әдістемелік бірлестік ішіндегі және мектепішілік тренингтар, коучингтар және  оқыту семинарлары арқылы шыңдауда.  «Action Research», «Lesson study» шығармашылық тобында бірлесе отырып, кәсіби даму мақсатына сай зерттеу жұмыстарын жүргізеді, тәжірибе алмасады. Биылғы оқу жылында әр мұғалім өзінің кәсіби даму жоспарын құрып, әдістемелік бірлестікте әр айдың екінші бейсенбісінде коучингтер өткізуді  жоспарлады.  Жоспар бойынша төмендегі мұғалімдер коучинг өткізді.

  1. «Оқушылардың дербес оқу траекториясын құру арқылы саралау » Разхан Х. География пәні мұғалім-эксперт
  2. «Сабақ беру үдерісінде кері байланыстың маңыздылығы және түрлері» Манапов Н.Е. тарих пәні мұғалімі
  3. “Саралап оқытудың модельдері”  Жаниенова Г.М. география пәні мұғалім-модератор
  4. «Саралапоқытудың тиімді әдістері» Мукцушева Г.Б.. тарих пәні мұғалімі
  5. «Кәсібидаму мақсатын қою» Бектасова Г.Е. тарих пәні мұғалім-эксперт
  6. «Тарихсабағында  жобалап оқыту технологиясын қолдану жолдары” Калиева З.С.тарих пәні мұғалім-эксперт
  7. “Кейс-стади” технологиясыныңәдістерін сабақтарда ұтымды қолдану жолдары. Сатиев А.К. тарих пәні мұғалім-модератор

Оқушыларды сыртқы бақылау емтиханына дайындау сапасын арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында «Дереккөздерін талдау арқылы оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамыту», «Оқушылардың әртүрлі мазмұндағы карталар және суреттермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту», «Жоғарғы сыныптарда контент талдау әдістемесін пайдалану», «Әртүрлі дереккөздерді талдауда жоғары деңгей дағдыларын дамыту» тақырыптарында  әдістеме бірлестік ішінде ҚӘҚ, география пәні бойынша тимс платформасында талдау, тәжірибе алмасу жұмыстары ұйымдастырылды.  Биылғы оқу жылында оқушыларымыздың жетістіктері көп. Атап айтсақ:

  1. География пәнінен Республикалық жалпы пәндер олимпиадасында 10 сынып оқушысы Қуаныш Мәжит 3 орын иеленіп қола жүлде алды.
  2. « Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» атты Республикалық ғылыми жобаларының конкурсында 3 жүлделі орын 10 сынып оқушысы  Мейрам Расул иеленді.

Оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі.

  • “Ақмола облысының мемлекеттік архивімен” бірлесе отырып, “Жас зерттеуші” клубына мүше оқушылар зерттеу жұмыстарын облыстық конференцияда баяндап алғыс хаттарға ие болды.
  • Пән апталығы «Даналық бейсенбі» жобасы бойынша Ақмола облысының «Тыныс» АҚ кәсіпкер мүшелерімен 10-12 сынып оқушыларына кездесу-конференция ұйымдастырылды.
  • Ашық сабақтардың жоғары деңгейде өткізілуі;