Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ

2021 – 2022 оқу жылында әдістемелік бірлестікте 10 мұғалім жұмыс істейді.  Кәсіби біліктілігі бойынша  4  мұғалім-сарапшы,   4 мұғалім-модератор,  1 мұғалім және 1 мұғалім-машықтанушы.

Әдістемелік бірлестік жұмысының  басымдылық бағыты:  оқушылардың танымдық  дағдыларын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге,  сыни ойлап,  зерттеуге дағдыландыру, оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту  арқылы тілдік нормаларды сақтап, еркін сөйлеуге үйрету және сауатты жазуды қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. тілді қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін, тіл нормаларын сақтап, қолдана білетін, еркін сөйлеп,  сауатты жаза алатын  дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту;
  2. оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп, шығармашылықпен жұмыс істеуге және сыни тұрғыдан  креативті ойлауға үйрету;
  3. оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамыту.

Әдістемелік бірлестік мұғалімдері кәсіби біліктілігін үздіксіз арттырып отырады. Мұғалімдер  «Action Research», «Lesson Study» жобаларының белсенді қатысушылары және модераторлары.  Зерттеу нәтижелері түрлі басылымдарда жарық көреді. 

Биылғы оқу жылында әр мұғалім өзінің кәсіби даму жоспарын құрып, әдістемелік бірлестікте әр айдың екінші бейсенбісінде коучингтер өткізуді  жоспарлады.  

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мұғалімдері өз тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп қана қоймай,  тәжірибесімен бөлісуді де жолға қойған. 2021 – 2022 оқу жылында мұғалімдер «Көркем жазудың тиімді тәсілдері» (Закерия Қ.), «Қазақ тілі сабақтарында жиынтық бағалауды ұйымдастыру түрлері» (Нурушева А.Н.), «Оқылым тапсырмаларын ұйымдастыру тәсілдері» (Мухамбедьярова М.С.), «Сандық құралдарды қолдану арқылы оқушылардың тілдік  дағдыларын (оқылым/жазылым) дамыту» (Токеев Е.Е.), «Мектеп  оқушыларының функционалдық сауаттылығы. Экологиялық проблемаларды пән арқылы оқыту» (Рахимова Д.Ш., Нурпеисова Ш.Т.) тақырыбында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерімен және  «Ауыл мектебі» жобасы аясында Бұланды ауданы Макинск қаласының мектебі мұғалімдерімен өз тәжірибесін бөлісуде.     

Үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік-мәдени жағдайларда өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі көрсетуге қабілетті жеке тұлғаны дамыту, кәсіби бағдарлауға көмек беру үшін бірлестік мұғалімдері ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырады. Оқушыларды жүйелі түрде ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға, желілік және республикалық байқауларға дайындап,  қатыстырады.