«Бір әннің тарихы»

«Бір әннің тарихы»

Мектебімізде қалыптасып қалған дәстүр бойынша, әрбір сәрсенбіде «Бір әннің тарихы» жобасы аясындағы таңғы жиын өтеді. Осы мақсатпен 2017 жылдың 1-і ақпанында күні математика пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Елге сәлем» әнінің тарихы ақтарылып, әуені сахнада шырқалды.

bat1

Бұл әннің музыкасын жазған Алтынбек Қоразбаев болса, сөзін Әбдірахман Асылбеков жазған. Өлең өлкесіне бойын ерте үйреткен жандардың бірі – Әбдірахман Асылбеков. Бәлкім, той-томалақта жадында қалған қағытпа айтыстың әсерінен болар, ауыл баласының алғашқы өлеңі сатирадан басталыпты. Асылбековтың әдебиет әлеміне қадам басуы абайтанудан бастау алған. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегер. Ш. Қалдаяқов, Бейбіт Оралұлы, Алтынбек Қоразбаев сынды белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазып, туындылары қазақ сахнасында шарықтаған ақын.

Алтынбек Қоразбаев – қазақстандық композитор, әнші. Қазақстан халық әртісі, Казақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері.  Болашақ композитор бала жасынан музыкаға деген қызығушылық танытып, сегіз ішекті мандолин, гармошка сияқты аспаптарда ойнауды ерте үйренген. Алтынбек Қоразбаев 15 жасында 1963 жылы Жамбылдағы мәдени ағарту училищесіне оқуға түсіп, сол жерде пианино мен домбырада ойнауды үйренеді. Өзінің «жұлдызды» әнін Алтынбек Қоразбайұлы 24 жасында жазған. «Сағындым Алматымды» әні Алматы қаласын танымал еткен әндердің бірі деп айтуға болады. Одан кейін халық сүйіп тыңдайтын шығармалары дүниеге келеді: «Бозторғай», «Қара кемпір» , «Қара шал»,  «Сырғалым», «Шашбаулым»,  «Елге сәлем». Бұл әндердің әрқайсысының өзіндік ғұмыры мен тарихы бар. Олардың барлығы қарпайым адамға деген және туған жерге деген махаббатқа толы әндер және олардың тарихы мен ғұмыры шырқалған сайын ұзара береді.

bat2

Математика пәні мұғалімдерінің сахналанған көрінісі барысында қазақ халқының кең пейіл қонақжайлылығы, ағайын-туғандарына деген үлкен сыйластық пен мейірбан бауырмалдығы паш етілді. Осылайша таңғы сәлемдесу, барша қазақстандық бауырластарға жолданған сәлемге ұласты. Аталмыш іс-шара интернационализм мен ұлттық дәстүрді насихаттайды.