«Бектау-Ата» Шаңырағы

«Бектау-Ата» Шаңырағы

ba1

Біз 7 «В» және 10 «Д» сынып оқушылары «Бектау-Ата» деп аталатын Шаңырақты құрап, осы Шаңырақтың астында тату-тәтті өмр сүріп жатырмыз. Біздің Шаңырағымызда 40 оқушы бар. Биылғы оқу жылы біз 7 «В» сынып оқушылары мектепке алғаш келгенімізде 10 сыныптың оқушылары бізді шын ықыластарымен құшақ жая қарсы алды. Бірінші күннен бастап мектеп ережелерімен таныстырып, мектеп ішіндегі сыныптар мен басқа да бөлмелерді көрсетіп таныстырды. Олардың қамқорлықтарын біз күнделікті сеземіз, себебі, мектепішілік байқау-сайыстарға, жарыстарға, іс-шараларға қатысқан кезімізде олар бізге әрдайым көмек көрсетіп отырады. Ал біз болсақ олардың берген ақыл-кеңестерін тыңдап, орындауға тырысып жүрміз. Қазіргі уақытта біздің арамызда өзара жауапкершілік пен қамқорлық, рухани жақындық пайда болды.  Арамызда пайда болған достық пен ынтымақтастық бізге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерде мойымау үшін дәнекер болып табылады.

7 «В» сынып оқушысы

Баймурзина Айлана.