«Алтын Емел»

   Біздің Шаңырақтың атауы қазақ жеріндегі ең үлкен ұлттық саябақ, Қазақстанның інжуі – «Алтын Емел» саябағының құрметіне қойылған. 2020 жылы біздің қатарымызды жаңадан келген оқушылар толықтырды. Енді «Алтын Емелде» 10 «D» және 7 «A» сынып оқушылары бар. Біздің Шаңырақтың басты қағидасы – бір-бірін сыйлау және ынтымақта болу. Оқушылар қаша да бір-бірін қолдап, көмек қолын созуға дайын. 10 «D» сынып оқушылары 7 «A» сыныбы үшін үлгі, сондықтан өз тәжірибелерімен бөлісуге әркез дайын. Тәрбиеленушілердің арасынан дарындыларды іздеп тауып, оларға қолдау білдіру жолында бізді ынталандырып әрі алға жылытып отыратын кураторымыздың үлесі зор.

«Алтын Емел» Шаңырағының әр оқушысы шығармашылық қырларын дамытып, жетістікке жетуге ұмтылады. Жоғары сыныптың да. Төменгі сыныптың да оқушылары өте белсенді, жан-жақты. Біз спорттық жарыстар, олимпиада, интеллектуалды ойындар, шығармашылық байқаулар сынды барлық іс-шараларға белсенді ат салысуға тырысамыз.

Шаңырақ оқушылары әлеуметтік, волонтерлік іс-шараларға да белсенді араласады. Мәселен, «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасының аясында оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагері Марченко Илья Тимофеевичке көмектеседі. Бңз ардагердің әңгімелерін тыңдағанды жақсы көреміз және барған сайын оның көңілін көтеруге тырысамыз.

Біздің Шаңырақтың мектепішілік өмірі өте қызықты. «Алтын Емел» Шаңырағы біз үшін нағыз отбасыға айналды.

фото Алтын Емел