7 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫНА ПАТЕНТ БЕРІЛДІ

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Қайретдинов Арсен және информатика пәнінің мұғалімі Шегирова Лаура Ерсайынқызы «Модель здоровьесберегающей компьютерной мыши» ғылыми жобасына патент берілді.
Арсеннің өнертабысы қарапайым компьютер тінтуірінен өзгеше. Ол корпус және білек астындағы гель жастықшасы сияқты бөлінбейтін бөліктерден тұрады. Компьютерлік тінтуірді қолданған кезде мұндай жастық пайдаланушының білегі түрінде болады. Айта кетсек, кәдімгі компьютерлік тінтуірмен ұзақ жұмыс жасағанда қолдағы ыңғайсыздық немесе қолдың, білектің ауырсынуы пайда болады.
2019 жылы Арсен Республикалық ғылыми жобалар байқауында екінші орын алып, патентке тек 2021 жылы ие болды.