7-сынып оқушыларына арналған тіл мектебі

7-сынып оқушыларына арналған тіл мектебі

         Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында 7-сынып оқушыларына арналған Жазғы тіл мектебі жұмысын бастады. Конкурстық іріктеу нәтижесінде орыс, қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі 60%-дан төмен болған 7-сынып оқушыларына арналған интенсивті курс зияткерлік мектептерде жыл сайын өткізіледі. Екі апталық уақыт ішінде дарынды оқушылардың тілдер білім деңгейін білікті де, тәжірибелі Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары арттыратын болады. Аталған интенсивті курс жаңа оқу жылы алдында оқушыларға қосымша білім беріп, тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын арттыруға бағытталған.