«Көкшетау қаласының ескерткіштері» атты кітапшасының тұсау кесері

       2020 жылдың 12 ақпан күні «М.Жұмабаев атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында» Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2 «В» сынып оқушысы, «Зерде» ХV республикалық конкурсының Гран-При иегері – Өмірзақ Айлана Арманқызының «Көкшетау қаласының ескерткіштері» атты кітапшасының тұсау кесері өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларымызды туған өлкеміздің тарихын білуге тәрбиелеу, балалар мен кітапхана арасында тығыз байланыс орнату.

       Тұсаукесерге мектебіміздің және қаламыздың жалпы білім беретін мектептерінен 100 шақты бастауыш сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Өмірзақ Айлана бұл тақырыпты қалай зерттегені, кітапшаны қалай дайындағаны туралы айтып берді. Келген оқушылар Айлананы қызыға тыңдады. Бұл кітапшаны шығару идеясы зерттеу жұмысынан басталғанын, әрбір оқушының кез келген саланы зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіндігі бар екенін айта отырып, өз тәжірибесімен бөлісті.

       Кітапхана тарапынан болашақта үнемі байланыста болу, бірлескен іс-шараларды жиі өткізу туралы мақсат қойылды.