«Алатау» Шаңырағы

IMG_8747

IMG_8747«Алатау» шаңырағы 6 «А» және 10 «А» сыныптарынан құралған. Шаңыраққа 30 оқушы мүшелік етеді. Олардың барлығы мектептегі үйірмелерге қатысады. Мектепішілік шараларды ұйымдастырып, өткізуге де белсенді ат салысады. Сондай шаралардың бірі «Шеберлер ауылы» атты шығармашылық жәрмеңке болатын. Сондай-ақ, оқушылар 10-сынып арасында пікірталас, 6-сынып оқушылары арасында викторина ұйымдастырды. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылды. Бүгінгі таңда, біздің шаңырақ экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тағы бір жаңа жобаны қолға алуды жоспарлап отыр.

Аяулы қыздар мерекесі

         шанырак АлатауХалықаралық қыздар күнін Біріккен Ұлттар Ұйымы 2012 жылы еңгізген, 11 қазан күні аталып өтілетін мереке. Бұл мерекенің негізгі мақсаты: қыздарға байланысты әлеуметтік теңсіздік мәселесіне көңіл аудару.

         Қазақстанда бұл мереке жайлы естулері бар адам саны өте аз. “Алатау” Шаңырағы өткізген таңғы саптүзеудің мақсаты: мереке туралы ақпаратты көпшілікке таратып, оның маңызын ашу. 9-шы қазан, дүйсенбі күні мектеп оқушыларының назарына ұсынылған саптүзеуді «Алатау» Шаңырағы, бар жауапкершілікпен өткізді.

        Таңғы жиын әдеттегідей мемлекеттік Әнұранмен басталды. Жүргізушілер көрермендерді «Қыздар мерекесі» және оның маңызымен үш тілде таныстырды. Байқағанымыз бұл күнге дейін мереке мен оның мақсаты туралы оқушылар ғана емес, ұстаздар да естіп көрген емес. Саптүзеу ұйымдастырушылары мектепішілік сұрастыру нәтижелерін көрермендерге бейнебаян түрінде ұсынды.

        Шанырак Алатау2Салтанатты саптүзеудің ең қызықты әрі ұмытылмас бөлігі – “Алатау” Шаңырағы жігіттерінің мектеп қыздарына арнаған музыкалық тосын сыйы. 9-шы сынып оқушылары «Renzo» тобының әйгілі «Bounce» әніне дайындаған биін оқушылар мен ұстаздар ду қошеметпен қабылдады.

       Саптүзеу соңында Шаңырақ ұлдары барлық қыздарды мерекемен құттықтап, оларға өлең жолдарын арнады.

        Бұл шара бізге адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау, қаншалықты тамаша екенін көрсетті.

«Алатау» шанырағы.

       

Шаңырақ эмблемасы

Шаңырақ девизі:    «Инемен құдық қазамыз, жаһандық азамат боламыз!»


Шаңырақ әнұраны:

Алатаудай асқақ біздің атымыз,

Қазақстан елі шыққан затымыз.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде

Бүгінгі таң білім алып жатырмыз!

 

Алатаудың шыңы биік болғаны,

Қиялымның арманы боп ол дағы.

Болашаққа мақсатыма ұмтылған,

Жас жүректің үміт отын жалғады.

 

Қайрат-жігер қуаттанған бойымда,

Алға бастар нақты мақсат ойымда.

Алда жарқын болашағым күтуде,

Елбасымыз нұсқаған тура жолында!

 

Отанымның сенімін ақтау парызым,

Ата-анамның өтесем және қарызын.

Дүниенің кетігін тауып қалансам,

Елге силап нұрлы жолдың жарығын!

 

Әлі-ақ біздер орнымызды табармыз,

Биік мақсат шыңына жетіп барамыз.

Адал ақтап ұстаздардың сенімін,

Келешектің жұлдызы боп жанармыз!

[/vc_row]