Бірлігіміз жарасқан Шаңырықпыз!

Бірлігіміз жарасқан Шаңырықпыз!

          Мен, Есілжан Жібек «Сырымбет» Шаңырағының бір мүшесімін. Шаңырақ 7”A” және 10”C” сыныптарынан құралған. Ең алғаш осы мектепке келгенде мен өте қуанышты болдым, алайда, ешкімді танымағандықтан маған сәл қиын болды. Мен екі ай ішінде бұл мектепке тез үйреніп кеттім, себебі, мектеп мұғалімдері мейірімді, барлық баланы тең көреді, оқушылар ақкөңіл, тез достасып кетеді. Қазіргі кезде маған балалар арасында қиындық жоқ, барлығымен достасып кеттім, шаңырағымыз тату-тәтті, барлығын ақылдасып жасайды, бір- біріне үнемі көмектеседі. Шаңырақтың татулығына себепкер адам, әр уақытта бізді бірлікке шақыратын және бізді қолдап, бізге көмектесетін адам – кураторымыз, Сагиндыкова Кадиша Нурымовна.
          Біздің Шаңырақ оқушылары топтық рухтары биік, бір-біріне қамқор оқушылар.

Есілжанқызы Жібек,
«Сырымбет» Шаңырағы