Сауықтыру кешені “Звездный”

Сауықтыру кешені “Звездный”

 

         Қыс-ғажайып мезгілдердің бірі. Табиғаттың әрбір мезгілі ғажайып  болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен жақсы жақтары бар. Соның ішінде қыс мезгілі аппақ қарымен, қаһарлы аязымен ерекше.

          Біз сыныбымызбен “Звездный” балаларды сауықтыру кешеніне саяхат жасаған болтатынбыз. Қыстың ең соңғы күндері өте қызықты болды. Біз ғажайып әлемге сапар шеккендей болдық. Осы демалысқа бізбен бірге басқа да Шаңырақтар да демалуға барған болатын.  Барлығымыз достасып, ашық аспанның астында, таза ауада бір отбасының балалары сияқты көңіл көтеріп, ойнадық. Кешке қарай жұлдызды аспанға қарап, қиялға шомылдық. Таңертен өте дәмді таңғы ас ішіп, содан кейін, біз шаңғы,коньки, шана тептік.

         Уақыт зымырап өтіп кетті. “Звездный” балалар сауықтыру кешеніндегі демалыс біз үшін өте қызықты өтті. Қыс мезгілінде демалу біз үшін өте пайдалы да маңызды.

 

Альбина Аяпберген,

8 «В» сынып оқушысы,

«Алтын Емел» Шаңырағы

Куратор: Амерханова Н.Е.