«ЖАРАСЫП ТҰР ДӘСТҮРІМ»

«ЖАРАСЫП ТҰР ДӘСТҮРІМ»

 

          Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді.   Келген жыл,  өзімен бірге мерейлі мерекелерді алып келіп отыр. Ол осы жылдың  күзінде Керей мен Жәнібектің қазақ халқының дербес мемлекеттік бірлестігін – Қазақ хандығын құрғандығына 550 жыл толады.Сондықтан,бұл жыл қазақ даласына , қазақ халқына елеулі, еңселі жыл болғалы отыр.

         Осындай мерейлі мерекеге  байланысты, Жетісу Шаңырағы  Наурыз мерекесіне орай  «Жетісу» Шаңырағы  «Жарасып тұр дәстүрім» тақырыбында Шаңырақ сағатын ұйымдастырды.  Іс – шараға Шаңырақ ата-аналары  мен әжелер белсене қатысты. Шаңырақ сағатында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін , ойындарын , әндерін көрініс арқылы көрсетті. Эльза Заббарова 9 «Е» сынып оқушысы  өз щығармаларынан,  төмендегі өлең жолдарын арнады:

                                 ГОСУДАРСТВУ ПОЛ  ВЕКА…

                                 В прекрасных степях и бескрайних просторах ,

                                 На свет появились два мудрых творца.

                                 О  богатстве земли и народа мечтая создали страну,

                                 Наш большой Казахстан!

                                 Жанибек и Керей великие люди

                                 История наша с них началась,

                                 И сегодня огромную дату отмечаем

                                 Государству пол века, 550 лет!

                                 Казахстан, Казахстан ты расти , процветай!

                                 Достигай больших результатов,

                                 Буду рад я тобой ,  мой большой Казахстан

                                 МОЯ  ВЕЛИКАЯ  КРЕПОСТЬ!

          Оқушылар  ата-бабаларымыздан сақталып қалған  дәстүрлерімізді насихаттап,  «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Беташар»  сияқты салт-дәстүрлерімізді жақсы деңгейде көрсетті. Шаңырақ оқушылары шығармашылық қабілеттерін  көрсетіп, ән мен би арқылы жеткізе алды. Ата-аналар оқушыларды басқа қырынан  көріп, өз ризашылықтарын білдірді. Ата-аналар ұйымының атынан Шаймергенов  Қонырша Ергожаұлы оқушыларды, мектеп ұжымын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

 

ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-КУРАТОР

АЙЖАН  ЖОЛДАСБАЕВА