«Жетісу» Шаңырағы туралы

«Жетісу» Шаңырағы туралы

 

          Ұлтымыздың қасиетті сөзіне айналған «шаңырақ» зат есімі күллі қазақ халқына ыстық екені бесенеден белгілі. Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылық қауымы осы «шаңырақ» сөзін таңдап алып, бұл сөздің төңірегінде жасы үлкенді-кішілі оқушыларды бір үйдің балаларындай біріктіріп, ықпалдаса еңбек етуге ұйымдастыра білгеніне дән ризашылығымды білдіремін. Ал енді Шаңырақ астындағы менің достарым мен інілеріме келетін болсақ, кез келген іс-шаралар мен ойын-сауықтарды ауызбіршілігі жарасып, ұйымдасқан түрде ерекше құлшыныспен атқарып тастайды. Мәселен, жақын арада ғана мектебімізде өткен «Денсаулық күні» мерекесінде бір шаңырақ астындағы оқушылар арасында жүгіруден жарыс барысында бір-біріне демеу көрсетіп, әлсіздерін күштілері қолдап, аса жанашырлық танытты. Осындай оқушылардың бір-біріне ізеттілік көрсетуі мені ерекше қуанышты сезімге бөледі. Менің пікірімше, татулығы жарасқан мұндай балалардың бірлестігінің алдағы уақытта жеңбейтін қиындығы, әсерлете айтатын болсам, алмайтын  қамалы болмайтынына кәміл сенемін.

          Бір шаңырақ астындағы оқушылардың күнделікті мектеп өмірінде де үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, бір-біріне жаңашырлық танытатынын байқап қаламын. Балалардың бойында дәл осындай толеранттық қасиеттердің болуы, аса тәртіптілік пен мейрімділіктің болуы болашақ өмірдің айдынын жарқырата түскендей.

          Қазақ бабамыз баяғыда-ақ «Тәртіп бар жерде ғана білім бар» деп айтып кеткен емес пе, аты әлемге белгілі  ұлы педагог Н. Макаренко тәрбиесіз алған білімнің қоғамға зияндық әкелетінін ерекше атап өткені туралы атамның айтқаны есімде қалыпты.  Иә, мұны пәлсафалық үшін ғана айтып отырғаным емес, осы мектепте оқығаннан бері шындығында біз секілді жас ұрпақтардың тәрбиелі болуы адамзат қоғамының қарыштап алға дамыйтынын түсінгендей секілдімін. Мемлекеттің ең кішкентай бөлігі жанұя болса, одан кейінгі бөлігі ұжым, ал дәл біздің Шаңырақтай татулығы жарасқан ұжымдар көп болған сайын жас мемлекетіміздің ірге тасы беки түсетіні белгілі.

Темірлан  БӨРІБАЙ,

11 « В»  сынып оқушысы,

«Жетісу»  Шаңырағы