11 сынып оқушысы Ерназаров Елдар авторлық құқыққа ие болды

Көкшетау қаласының 11 сынып оқушысы Ерназаров Елдар НИШ ФМБ «Многофункциональный Бионический протез кисти руки» ғылыми жобасында авторлық құқыққа ие болды. Ғылыми жетекшісі-биология мұғалімі Мусагулова Бахыт Рашитовна.
Ельдар қол протезі моделінің жобасын жасау кезінде қоршаған ортаның температурасын өлшеу және импульсті өлшеу үшін саусақ ұштарында орнатылған датчиктері бар жаңа жетілдірілген модельді ұсынды.
Мұндай протездеу мүмкіндігі шектеулі адамдарға толыққанды өмір салтын жүргізуге: жұмыс істеуге, спортпен шұғылдануға, параолимпиадалық ойындарға қатысуға және т.б. мүмкіндік береді.
Айта кетсек, ұсынылған жетілдірілген протез моделі қоршаған ортаның температурасын үнемі бақылауға, импульсті білуге мүмкіндік береді.