11-12-сынып оқушылары үшін алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша байқау өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ-де 11-12-сынып оқушылары үшін алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша байқау өтті.
Жоғары сынып оқушылары үшін саптық байқау салтанатты саппен басталды, содан кейін оқушылар саптық амалдарды орнында және қозғалыста қарусыз орындады, бөлімше командирінің командаларын пысықтады.
Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, құрмет грамоталарымен марапатталды:
1 орын – 12 «С» сыныбы
2 орын-12 «В» сыныбы
Рауан Қайыркенов пен Нұржан Нұрлан үздік командирлер атағына ие болды.
Жаттығуды АӘТД мұғалімі Бақытжан Қалауитденов жүргізді.
249904703_759856338304667_2886635059710789448_n266760593_759856344971333_4632062144576495399_n267079060_759856358304665_7684345440958748000_n