Ғылыми проектілер және олимпиадалар

Ғылыми проектілер және олимпиадалар

 

Назарбаев Зияткерлік мектеп жұмысының маңызды бағдарларының бірі – дарынды оқушылармен жұмыс жасау, ол оқушылардың ғылыми сайыстар мен олимпиадаларға қатысуды да қамтиды. Мектеп деңгейіндегі ғылыми сайыстар мен олимпиадалардың нәтижелері бойынша ғылыми проектілер желілік сайысына және олимпиадаға қатысу үшін Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының арасынан үздік жұмыстар іріктелді. Ғылыми проектілер желілік сайысына біздің мектептің төрт оқушысы қатысты, олардың үшеуі жүлделі орындарға ие болды. 9-сынып оқушылары Алтынбаева  Асемгуль мен Алтынбаева Еркегуль «Қазақ тілінде ақпаратты оңтайлы түрде кодтау» проектісін ұсынып екінші орын алды (мұғалімі Абдрахманова Н.А.). Аубакиров Мират, 8-сынып оқушысы «Математикадан экстремалды есептер» проектімен үшінші орынға ие болды (мұғалімі – Байгарина Ж.К.). 8-сынып оқушысы «Ақпаратты қорғау үшін динамикалық шифрлау»  проектісін ұсынып, 3-орын алды (мұғалімі – Зыкрина С.Ж.)

Дарынды оқушылармен жұмыс жасау үшін Ш.Уәлиханов атындағы Университеттен Дамекова С.К., Жаныс Арай, Мусабеков К.С. оқытушылары шақырылды, олар математика пәнінен оқушылардың білімдерін тереңдетіп кеңейту мақсатында, зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, математика тарихын, қолданбалы математиканы оқыту мақсатында жұмыс жасайды.

Научные проекты

Мектепте   «Шектеусіз ғылым» проектілер сайысына қатысу үшін іріктеу туры өткізілді. Мектепте универститет оқытушыларымен кездесулер өткізілетін немесе оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын ұсынатын ғылыми бейсенбілер өткізіледі.

МБ мұғалімдері оқушыларды республикалық  және халықаралық деңгейдегі түрлі дистанциялық олимпиадаларға қатыстыру үшін үлкен жұмыс өткізеді.   Біздің мектептің көптеген оқушылары «Urfodu» Халықаралық дистанциялық олимпиадасына белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

10-сынып оқушысы Шаткенова Зариат, 10-сынып оқушысы Теміржанов Бейбіт және 11-сынып оқушысы Кенжебай  Ержан IT халықаралық университетінде дистанциялық олимпиадасына қатысып, сайыс нәтижелері бойынша Алматыда өтетін екінші бетпе-бет айналымына өтті.