Қабылдау комиссиясының жұмысы басталды

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер! 2024-жылдың 8-қаңтарынан 10-ақпанына дейін Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Өркен» білім беру грантына конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7-сыныпқа құжат қабылдау жүргізіледі. Осы мерзім аралығында төменде көрсетілген мекен-жайға келіп, құжаттарыңызды тапсыра аласыздар: Көкшетау қаласы, Ж.Тілеулин көшесі, 59. Байланыс телефоны: +7 (716)2 25-31-40.