Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.

Ұйымдастырылатын шаралардың негізгі бағыттары спорт, әлеуметтік жұмыс, мәдени, жауапкершілікті арттыруға,  тұтынушылық қатынас жоюға негізделген. Ұйым құрамындағы әрбір оқушы өз бағытының үздігі. Жұмыс жасау барысында біз оқушылардың мүдделерін қорғап, ойларын ескереміз. Мектеп өмірінің қызықты, әрі әсерлі өтуі өзін- өзі басқару ұйымының белсенді жұмыс жасауына тікелей байланыста. Бұл бағытта аянбай еңбектеніп, үнемі жаңашылдыққа ұмтыламыз деп уәде береміз!

самоуправление главная

«NIS Talks»

*****«NIS Talks» айдарының жаңа шығарылымында мектебіміздің ағылшын тілі және жаһандық перспективалар пәндерінің мұғалімі – Камиля Рахымжанова өз ойларымен бөлісті. Сұхбатта қонағымыз мектеп өмірі мен алдын-ала жоспарлау тақырыптарын қозғап, өз балалық шағы мен оқушы болған кездерін еске алады.

«NIS Talks»

Жуырда «NIS Talks» айдарының қонақтары ретінде мектебіміздің 2018 және 2019 жылғы түлектері –  Касымханов Шындаулет пен Шоманов Архат келіп, шағын сұхбат беріп кетті. Толық сұхбат өзін-өзі басқару ұйымының жеке Instagram-парақшасында жариялды. Осы шығарылымда қонақтарымыз өздерінің мектеп өмірін еске алып, сол кездері бастан кешірген қызықты оқиғаларымен бөлісе отыра, болашақ түлектерге кеңес берді.

«Біз біргеміз» қайырымдылық жәрмеңкесі

Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. 2019 жылдың  7 ақпаны күні науқас балалардың еміне аз да болсын қаражат жинап, көмекке қолын созу мақсатымен өзін-өзі басқару ұйымы мектепішілік «Біз біргеміз» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырды. Жәрмеңке барысында әр Шаңырақтың оқушылары өздерінің әзірлеген тағамдарын, сәндік бұйымдарды сатылымға қойды. Бұл шараға Шаңырақ оқушыларымен қатар ата-аналар және мектеп ұжымы белсенді қатысып, қайырымдылыққа өз үлесін қосты. Жәрмеңке жұмысынан жиналған қаражаттың барлығы  Рахматуллаев Даниял мен Турсынов Альтаирдың еміне аударылды. Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы Көкшетау қаласының барлық мектептеріне бұл қайырымдылық эстафетаны жалғастыруды ұсынды.

«Dance Battle» би сайысы

Қазіргі би мәдениетінде ерекше құбылыстардың бірі, жастардың арасында танымалдылыққа ие болған бағыттың бірі  – Dance Battle (би ұрысы) немесе battle .

Ол бишілер арасында жеңімпазды анықтаудың өте танымал тәсілі, “бетпе-бет” бәсекелестік кезінде би шеберлігін салыстыру мүмкіндігі. Биге деген оқушылардың ерекше ілтипатын сезіне отырып, біз де өз “Dance Battle”- ды ұйымдастыру туралы шешім қабылдадық.Арнайы дайындалған жеребе бойынша Шаңырақтар өзара бәсекеге түсті.  2 апта бойы оқушылар “Dance Battle” сайысының жеңімпаз атағы үшін аянбай еңбектенді. Қазылар алқасы сайыскелердің  орындау тазалығын, ерекшелігін, ырғақты сезіне білуін бағалады. Ақтық мәреде “Жетісу” шаңырағына өздерін асқан шеберліктерімен көзге түсіп, сайыс жеңімпазы атағына иеленді.