Мектептің медициналық қызметі

Мектеп медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияға сәйкес білім алушыларға дербес қызмет көрсетеді, білікті медицина қызметкерлерімен (дәрігер педиатр, медициналық бике, диетмедсестра) жасақталған. Медициналық блок күту бөлмесінен, Медициналық және емшара кабинеттерінен, дәрілік заттарды сақтауға арналған қоймадан, дәлізден блокқа жеке кіретін есігі бар жеке санитариялық тораптан тұрады. Оқу мекемесіндегі медициналық кабинеттерге қойылатын негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар “Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы 76 бұйрығында қамтылған.

IMG_0100IMG_0105IMG_0106IMG_0108