Өрнекті сөз – ортақ қазына

IMG_4717Жоба тақырыбы:  «Өрнекті сөз – ортақ қазына»

Орындаған: 5 “В” сынып оқушысы Болпанова Айаным

Бағыты:  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

 Жетекшісі: Молдахметов Д.С.

1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» XII республикалық конкурсында І орынға ие болды. 2017 жылдың наурыз Щучье қаласында өтті.

1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» XII республикалық конкурсында ІІ орынға ие болды. 2018 жылдың  қаңтар айында Щучье қаласында өтті.

Мақсаты:  Елімізге қоныс аударған оралман қандастарымызбен кездесіп, сұхбаттасу арқылы олардың сөйлеу тілінде кездесетін мақал-мәтелдерді жинақтап, еліміздегі қолданыстағы мақал-мәтелдерді өзара  салыстырып зертеу, оқушыларға тың мақалдарды насихаттау.

Тақырыптың өзектілігі:  Егемендік алған кезден бастап елімізге оралған қандастарымыздың тілі, олардың ерекшеліктері, айырмашылықтары мен ұқсас тұстары, құнарлығы өте аз зерттелгенін білдім. Сондықтан осы тақырып мені қызықтырып, әр елден келген  қандастарымыздың тіліндегі мақал-мәтелдерді зерттеп, мақал-мәтелдер жинағын шығарып, барлық қоршаған ортама кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу. 

Гипотеза: Елімізге қоныс аударған оралмандардың «қаймағы бұзылмаған» тілін зерттеп, сан ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан тілдің маржаны – мақал-мәтелдердің біз естімеген түрлерін жинап, олардың терең мағыналылығы мен ерекшеліктеріне көз жеткізе отырып, қазіргі қазақ тілінің лексикасын байытудың бір жолы ретінде қолданысқа  ұсыну және оларды кеңінен насихаттау.

Зерттеу объектісі : Оралман қандастарымыз сұхбат жүргізу  қазіргі таңдағы беті ашылмаған мақал-мәтелдер, Ж. Кейкіннің «Қазақ мақал-мәтелдерінің Алтын кітабы» атты еңбегі.

Қорытынды: Ғалым зертеушілердің еңбектерімен танысып, ондағы мақал-мәтелдер жайындағы зерттеулерді оқып, жинаған мақал-мәтелдерімнің тәрбиелік мәніне талдаулар жүргізіп, оларды жеке жинақ етіп баспадан шығарды. Зерттеу жұмысы берілген тақырыптың өзегіне жетіп, оқушыларға, сыныптастарыма  халқымыздың асыл мұрасы, сөз мәйегі – мақал-мәтелдердің оралман қандастарымыздың тіліндегі түрлерінің сан қырын ашып, үлгі өнеге болатындай етіп насихаттау жұмысы жүргізілді. 

Болпанова А Диплом 2 степени-1