Өмірдегі барша адамдар- өз дәуірінің перзенттері

Өмірдегі барша адамдар- өз дәуірінің перзенттері

 

Қалай айтқанмен  де тым ерте кезеңді еске түсіру өте ауыр, алайда біз сол бір соғыстың қиын қыстау күндерінде біздің туысқандарымызды қандай оқиғалар байланыстырып тұрғандарын білуіміз  қажет. Менің анам жағынан ұлы аталарым Шоқан Кәкен мен Құлахметов Хамит 1941-1945ж.ж сол бір сұрапыл жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан екен. Сол кезде көзін көрген куәгерлердің айтуынша, менің ұлы аталарым партия қызметкерлері болыпты, соғысқа дейін олар Павлодар қаласында, басқарушы қызметкерлерінің курсында жиі  бірге болады екен және 1941жылы Павлодар облысы Ертіс аудандық әскери комиссариатынан майданға шақырылыпты.

1944жылы 1қаңтарда менің ұлы атам Шоқанов Кәкен Житомир облысы жерінде ерлікпен қаза тапқан екен. Тек 51 жыл өткен соң ғана менің әжем, туған қызы  Шоқанова Сатира хабарсыз кеткендер қатарында саналған әкесінің Житомир облысы, Бердичев қаласы маңында жерленгенін 1995 жылы шыққан «Естелік кітабы» арқылы біледі. Өкінішке қарай, менің әжем әкесінің қабірін бәрі бір көре алмады…

Менің ұлы атам Құлахметов Хамит майданның барлық жолын жүріп өтті. Барлаушы болған ол екі рет ауыр жараланыпты (бір жарақатын ол Ленинград түбінде алыпты), жауынгерлік ордендер мен медальдармен марапатталған.   

Атам Төлеубаев Сартай Жақияұлы қазіргі күні онда ең құрметті марапаттардың бірі Қызыл жұлдыз ордені болғанын мақтанышпен әңгімелейді. Қызыл жұлдыз орденімен өз өмірін тәуекел ете отырып, Отан үшін ерлік жасаған патриоттар марапатталатын болған. Соғыстан кейін қалалар мен селоларды қалпына келтіруге қатысады.

Туған жері Павлодар облысына оралған ол Ертіс ауданы Сілеті кеңшарында бөлімше басқарушы, кейіннен жұмысшылар кооперативі төрағасы болады. Атамның айтуынша, ұлы атам Хамит жарымжандығына қарамастан (бір аяғын кестірген) өте сауатты, зиялы, сабырлы да ақылды адам болған екен. Сол төңіректегілердің барлығы оның ақыл-кеңесіне жүгіну үшін іздеп келеді екен.   

Соғыс басталғанда менің атам Сартай 7 жаста екен. Сол алты-жеті жасының өзінде ауыр еңбекке жегіліпті, егін алқабынан егін масақтарын қолмен жинапты, тамақтың орнына бидай дәнін қуырып жепті, ас қасықпен бүкіл отбасына бөліп беріледі екен, қайта өңделген майсыз сүтті ішеді, өйткені қою сүттен сары май өндіріліп, фронтқа жөнелтілетін болған. Барлық әйелдер түні бойы жылы байпақтар, қолғаптар тоқып, оларды да майданға жіберіп отырған.       

«Әр дәуір өз ұлы адамдарын тудырады», – дейді халық даналығы. Иә, біздің ұлы аталарымыз төбеміздегі бейбіт аспан үшін фашизммен соғыста Жеңісті жақындатқан нағыз патриоттар болыпты! Олардың ерлігін болашақ үшін біз ешқашан ұмытпаймыз!

 

                                                         Еңсебаева Медина,

11 «С» сынып оқушысы