SAT ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Құрметті үміткерлер!

Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 16 қарашадағы шешімімен Көкшетау қаласындағы НЗМ ФМБ мектебінде 60193 тест орталығында халықаралық SAT емтиханын ПТР сынамасының теріс нәтижесі болған жағдайда ғана өткізуге рұқсат етіледі. ПТР тест нәтижесі  3 күннен аспау керек. Осыған байланысты, ПТР тест нәтижесі туралы анықтамасы болмаған үміткерлер емтиханға жіберілмейтінін хабарлаймыз.

Емтихан күні 60193 тестілеу орталығында сағат 7.20да болу керектігін ескертеміз. Өздеріңізбен келесі құжаттарды алуды ұмытпаңыздар:

  • Кандидаттың рұқсатнамасы
  • Жеке басты куәландыратын құжат
  • Емтиханға дейін 3 күн бұрын берілген короновирусқа ПТР тестінің теріс нәтижесі

 Біздің өңірдегі ушығып жатқан жағдайға байланысты және тестілеу орталығы қызметкерлері мен кандидаттардың қауіпсіздігі үшін сіздерден короновирусқа ПТР тестінің нәтижесін көрсетулеріңізді талап етеміз. Сіздердің түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.