Денсаулық сақтайтын компьютер тышқанының үлгісін жасау

IMG-20190205-WA0007Жоба тақырыбыДенсаулық сақтайтын компьютер тышқанының үлгісін жасау.

Автор: Қайретдинов Арсен, 4-сынып оқушысы

Пән: Математика-информатика

«Зерде» XIVреспубликалық шығармашылық және ғылыми жобалар байқауы,  II-дәрежелі диплом, Щучье қ. 2019

Жетекші: Орынбаева Л.Е

Зерттеу мақсаты: Денсаулық сақтайтын компьютер тышқанының үлгісін жасау.

Зерттеу әдістері: Аталмыш тақырып бойынша материалдар зерттеліп, банк қызметкері, медициналық қызметкерлер және IT мамандар секілді түрлі бағыттардағы қызметкерлер арасында сауалнама жүргізілді.  Сауалнама таңдалған сала мамандарының компьютер алдында тәулігіне неше сағат жұмыс істейтіндерін және қол сүйектерінің ауыратынын қаншалықты жиі байқайтындарын білу үшін жүргізілді.

Нәтижесі мынадай болды: IT мамандар компьютер алдында ең көп отырады – тәулігіне 8 сағат. Банк қызметкерлері 6 сағат отырса, медициналық қызметкерлер компьютермен тәулігіне 3 сағат жұмыс істейді екен. Аз емес, иә? «Қол сүйектеріңіздің ауырғанын жиі сезесіз ба» деген сұрақтың жауаптары  IT мамандарының қолдарының жиі ауыратынын көрсетті. Сұраққа жауап берген 10 банк қызметкерінің жетеуі,  10 медициналық қызметкердің үшеуі қолдарының ауыратынын айтты.

Осылайша, біз адам неғұрлым компьютер алдында көп отырса, соғұрлым қол сүйектерінің ауруын сезетінін айта аламыз. Сондай-ақ, мен интернеттен  ота жасаған адамдардың айтқандарын оқи келе, төмендегідей қорытынды шығардым:

– ота жасау 15 минуттан 1,5 сағатқа дейін жалғасуы мүмкін;

– ауыртады;

– Ота жасалғаннан кейін ұзақ уақыт физикалық жүктемелер жасауға болмайды, себебі ыңғайсыздықтар туады. Сондықтан, ондай жағдайға жеткізбеген дұрыс.

Жобаның өзектілігі: Қолдың, қол сұйектерінің және иық ауруларының көбі компьютер тышқанын көп қолданғаннан болады. Сондықтан да жобама дәл осы тақырып арқау болды. Мәселенің шешімі дәрі-дәрмекпен емдеу немесе компьютер тышқанын көп қолданбау болып табылады. Дегенмен, көптеген мамандық иелері компьютерсіз жұмыс істей алмайды. Осы мәселе менің денсаулықсақтау тышқанын ойлап табуыма мұрындық болды.

Жобаның жаңашылдығы: Менің дәл осы добаны таңдауыма не себеп болды? Информатика сабағында «Информатика кабинетіндегі қауіпсізді кережелері және тәртіп» тақырыбын меңгеру кезінде мен компьютердің монитор, пернетақта және тышқан секілді құрылғыларының адам денсаулығына кері әсерін тигізетінін білдім. Сондай-ақ, қорғау әйнегін немесе монитордан қорғауға арналған арнайы көзілдірік тақса, адам денсаулығын құтқаруға болатынын білдім. Ал, компьютер тышқанынан адамның денсаулығын қалай қорғап қалуға болады? Мен осы сұрақтың төңірегінде ойлана келе, адам денсаудығына кері әсерін тигізбейтін компьютер тышқанын ойлап табуды жөн санадым.