Жатақхананың педагогикалық құрамы

Жатақхананың педагогикалық ұжымы жатақхана меңгерушісінен, 9 тәрбиеші және 4 тәрбиешінің көмекшісінен тұрады. Оның ішінде: педагог-модератор – 1, педагогика ғылымдарының магистрі – 2, педагогикалық шеберліктің ІІ біліктілік деңгейлі тәрбиешісі – 1.

Жатақхананың мақсаты – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ саясатын жүзеге асыру арқылы оқушылардың өмір сүруіне және оқуына қауіпсіз орта мен қолайлы жағдай жасау.

Тәрбие жұмысының мақсаты: білім, білік дағдыларын меңгеруге көмектесу, оқушының жеке тұлғасын дамыту, түлек үлгісінің қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету.

2021-2022 оқу жылында жатақхананың педагогикалық ұжымының жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • оқушылардың қауіпсіз және қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету;
  • оқушылардың өзіндік іс-әрекеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту;
  • тәрбие жұмысының әдістері арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;
  • оқу процесінің қатысушыларымен тиімді өзара әрекеттесу;
  • оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және практикалық дағдыларын дарыту.