Педагог ұйымдастырушы кураторлар ӘБ

2021-2022 оқу жылындағы педагог-ұйымдастырушы-кураторлар әдістемелік бірлестігі жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Оқушыларға қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыру;
  2. Онлайн форматтан кейін оқушыларға мектеп өміріне бейімделуіне қолдау көрсету;
  3. Тәрбие үрдісіндегі желілік жобаларға оқушыларды қатыстыра отыра көшбасшылық, коммуникациялық, шығармашылық, эстетикалық, танымдық қасиеттерін арттыру;
  4. Қоғамға қызмет ету жобасын жүзеге асыру арқылы оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға және жобалық іс-әрекет дағдыларын меңгеруге бағытталады;
  5. Жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби бағдар беру бойынша бағыттау;
  6. Ата-аналарды мектеп өміріне қатыстыру белсенділігін арттыру;
  7. Педагог-ұйымдастырушы-кураторлар үздіксіз кәсіби біліктілігін арттыру (вебинарлар, шеберлік-сағаттар, тәжірибе алмасу сағаттары және т.б.)

2021 – 2022 оқу жылында әдістемелік бірлестігінде 14 педагог-ұйымдастырушы-куратор  жұмыс істейді.  Кәсіби біліктілігі бойынша  3  кураторда- бірінші деңгей, 5 кураторда – базалық деңгей.   Әдістемелік бірлестік кураторлары өзінің кәсіби даму жоспарына және тәрбие жұмысын жоспарына сай  жұмыс жасайды.  Сонымен қатар, әрбір куратор оқу жылы барысында бекітілген тәрбие жобасы бойынша жұмыс атқарады. Кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік бірлестік ішіндегі және мектепішілік тренингтар мен оқыту семинарларына қатысады.

Педагог- ұйымдастырушы- кураторлар өздері және Шаңырақ оқушыларымен оқу  үрдісінен бөлек тәрбие бағытында түрлі байқауларға қатысып отырады:

  1. «Ботай мыңжылдық жолымен» республикалық шығармалар байқауында Бас жүлделі орын Болпанова Айғаным 9B сынып оқушысы. Жетекшісі Чагаева Искакова Динара Михайловна
  2. Международный фото конкурс Шелковый путь глазами молодежи -2021. Бас жүлде 10В сынып оқушысы Багдатова Айжан. Жетекшіі Чагаева Искакова Динара Михайловна
  3. Virtual connections around the world project-2021. Chagayeva Iskakova Dinara
  4. «Ботай мыңжылдық жолымен» республикалық шығармалар байқауында 1 орын Антайбеков Ерасыл 10B сынып оқушысы. Жетекшісі Байгулина Дарига Абылкашевна
  5. «Ботай мыңжылдық жолымен» республикалық шығармалар байқауында белсенді қатысқан үшін Алғыс хатқа Құралбай Ернұр, Утеген Мадина ие болды. Жетекшісі Байгулина Дарига Абылкашевна
  6. «Ботай мыңжылдық жолымен» республикалық шығармалар байқауында белсенді қатысқан үшін Алғыс хатқа Құрман Ерболат, Сагиджанұлы Темирлан ие болды. Жетекшісі Жолдасбаева А.А.
  7. 1 деңгей, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ОЛИМПИАДАСЫ-2022 «Социальные науки: Человек. Общество. Государство, Выпускник» бағыты бойынша , 12F сынып оқушысы Дичковская Мария , жетекшісі Байгулина Дарига Абылкашевна.