Эстетикалық бағыт ӘБ

    2021-2022 оқу жылында эстетика әдістемелік бірлестігінде 6 мұғалім қызмет атқарады: 3-мұғалім «өнер», 2-мұғалім «музыка» және 1-мұғалім «өзін-өзі тану» пәндерінен сабақ өткізеді. Оның ішінде 1 мұғалім “мұғалім-эксперт”, 2 мұғалім “мұғалім-модератор” және 3 мұғалім «мұғалім» санатына ие.
    Әдістемелік бірлестіктің мақсаты:
    Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
    Барлық мұғалімдер педагогикалық шеберлік орталығы өткізген деңгейлік курсынан және креативті ойлауын дамыту курстарынан өтті. Сондай-ақ, кәсіби шеберлікті арттыру және білім беру процесін жақсарту мақсатында әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері Lesson Study және Action Research шеңберінде зерттеулер жүргізеді.
    2021-2022 оқу жылының Lesson Study тақырыбы:
Өнер сабағында креативтілік қағидасын қолдану арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту.
    Оқушылармен ғылыми жобаларға қатысу:
    1. 12 сынып оқушысы Тулегенова Дильназ «Инелі кілем техникасында орындалған ұлтарақ» атты тақырып бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп, желілік бөлімнен ІІІ орын иегері атанды.
    2. 11 сынып оқушысы Багауова Данара “Автоматизированная функциональная кровать с голосовым управлением” тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп, желілік бөлімге өтті.
    3. 11 сынып оқушысы Бекжанова Аяулым “Макулатурадан жасалған әмбебап берік материал өндірісі” тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жазып, желілік бөлімге өтті.
    «Туған елге тағзым» жобасына қатысқан оқушылар тізімі:
    1. Ашимова Аяжан 9 «С» сыныбы;
    2. Акбердиева Лейла 11 «С» сыныбы;
    3. Елжас Нуриза 9 «Е» сыныбы;
    4. Елгезекова Адель 8 «Е» сыныбы;
    5. Жолданғар Айгерім 11 «А» сыныбы.
Трансляция аясында мұғалімдер әрдайым өз тәжірибелерімен мастер-класстар, коучингтер, вебинарлар, ашық сабақтар өткізу және smk.nis.edu.kz, sk.nis.edu.kz сайттарына материалдар жүктеу арқылы бөліседі.
    Сонымен қатар әдістеме бірлестігінің мұғалімдері Білім беру бағдарламалары орталығымен тығыз байланыста жұмыс атқарады:
1 мұғалім – NIS Program – 1-3 сыныптарына арналған УМК авторы болып табылады;
3 мұғалім – NIS Program және жалпы білім беретін мектептер үшін жаңартылған бағдарлама әзірлеушілері болып табылады;
4 мұғалім – 2020-2021 оқу жылында Online mektep – жобасы бойынша жұмыс атқарды;
1 мұғалім – экологиялық тәрбие элективті курсының бағдарламасын әзірлеу бойынша шығармашылық топта жұмыс істеді.
    Оқушылар әрдайым онлайн және офлайн сайыстар мен көрмелерге қатысып жүлделі орындарға ие болып отырады.
    Әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері кәсіби деңгейін көтеру үшін әрдайм курстар, семинарлар, практикалық және оқыту тренингтері мен шеберлік сыныптарға қатысып отырады.