Математика ӘБ

Әдістемелік бірлестік жұмысының басым бағыты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және деңгейлік тапсырмаларды тәжірибеде қолдануды жетілдіру.

Міндеттері:

  1. оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту;
  2. оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге, сыни және шығармашылық ойлауға үйрету;
  3. оқушылардың математикадан алған білімдерін тәжірибеде бейімдеу;
  4. оқушылардың танымдық және коммуникативті дағдыларын дамыту;
  5. Дарынды және талантты балалармен жұмыс жоспарын құру.

Әдістемелік бірлестікте 18 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 7-і мұғалім-эксперт, 4-і мұғалім-модератор.

Әдістемелік бірлестік ұстаздары өз практикасын зерттеу, оқушылардың дарындылығын дамыту, сабақты зерттеу бағыттарында зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Әдістемелік бірлестік ұстаздарының тәлімгерлік қызметінің нәтижелері:

  1. 2016-2017 оқу жылында Алпысбаева Асемгуль және Алпысбаева Еркегуль «Қолданбалы математика» секциясы бойынша ғылыми жобалар сайысының желілік кезеңінде 2-орын иеленді (Ғылыми жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Абдрахманова Н.А.);
  2. 2016-2017 оқу жылында Данияров Ануар «Қолданбалы математика» секциясы бойынша ғылыми жобалар сайысының желілік кезеңінде 3-орын, Халықаралық «Математика және модельдеу» ғылыми жобалар сайысында (Мәскеу қ.) 1-орын және алтын медаль иеленді. (Ғылыми жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Зыкрина С.Ж.);
  3. 2016-2017 оқу жылында Аубакиров Мират «Қолданбалы математика» секциясы бойынша ғылыми жобалар сайысының желілік кезеңінде 3-орын иеленді (Ғылыми жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Байгарина Ж.К.);
  4. 2017-2018 оқу жылында Огнев Даниил, жаратылыстану-математикалық цикл пәндері, оның ішінде математика пәні бойынша НЗМ желілік олимпиадасында 2-орын, республикалық олимпиададан III орын алды (Атырау қаласы). 2018-2021 жылдар аралығында НЗМ желілік олимпиадасында математика пәнінен жүлделі 2-ші және 3-ші орынды иеленді (жаттықтырған математика пәнінің мұғалімі Байгарина Ж.К.);
  5. 2018-2019 оқу жылында Абдрахманова Нургуль М.Жолдасбеков атындағы ғылыми жобалар сайысында «Математика» секциясы бойынша жүлделі 1-орын алды (Ғылыми жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Абдрахманова Н.А.);
  6. 2020-2021 оқу жылында Қуанышбеков Еділ «Қолданбалы математика» секциясы бойынша ғылыми жобалар сайысының НЗМ желілік кезеңінде 3-орын алды. (Ғылыми жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Зыкрина С.Ж.);
  7. 2020-2021 оқу жылында Агасултанов Рахат Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде 3-орын алды (жаттықтырған математика пәнінің мұғалімі Исабекова Н.А.).