Физика ӘБ

Әдістемелік тақырыбы: “Оқу іс-әрекеті үдерісінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту”

Мақсаты: білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін қолдану арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру, білім берудің жаңа мазмұнына көшу жағдайында кәсіби деңгей мен педагогикалық шеберлікті үздіксіз жетілдіру, оқушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижелерін бағалаудың жаңа тетігін енгізу.

Физика ӘБ 12 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 6 мұғалім педагог-сарапшы, үш мұғалім-модератор, 2 мұғалім және бір халықаралық мұғалім педагогикалық шеберлік деңгейіне ие. Физика пәнінің мұғалімі Оңғарбай Жанғозы “Болашақ” бағдарламасының түлегі, Сассекс университеті, Ұлыбритания.

2021-2022 оқу жылында 12-сынып оқушысы Лапитан Максим “Телефондағы қосымшаны пайдалана отырып, ультракүлгін сәулелену және машиналық оқыту көмегімен радон концентрациясын анықтау” тақырыбында ғылыми жобалардың желілік конкурсында 1-орын алды, жоба жетекшісі физика мұғалімі С.П. Кошкин.  10 сынып оқушылары А. Капашев, Ж. Батырбеков “Бифельд-Браун эффектісі” жобасымен жұмыс жасауда, жетекшісі Б. А. Қосубаев. Сондай-ақ, 10 сынып оқушысы Диасәлі Кәрім “Dbys-sound charged devices” (жет. М.Б. Қабылов) және 11 сынып оқушысы Назым Расулова Ж. Оңғарбай жетекшілігімен “Озон қабатының ластану себептері” жобасымен жұмыс жасауда.

12 сынып оқушысы Агасултанов Рахат жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша IV Республикалық Президенттік олимпиадада 3-орын (қола медаль) иеленді және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алды. (С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті).

2021-2022 оқу жылының қыркүйек айының соңында 7-12 сыныптардағы олимпиаданың мектеп туры өтті және 9-12 сынып жеңімпаздары (4 оқушы) физика пәні бойынша желілік олимпиадаға дайындалуда.