Байланыс жерсеріктері

imageЖоба тақырыбыБайланыс жерсеріктері”.

Автор: Ахтанов Асанәлі, 8«D» – сынып оқушысы

Пән: Физика, математика

IX Наурыз оқулары аясындағы Республикалық ғылыми жобалар байқауы –  II дәрежелі диплом, Қызылорда, 2019

 

ЖетекшілеріЖолик С.И., Усманова Л.Н.

Зерттеудің мақсаты: Жер мен жерсеріктерінің түрлі үлгілерін жасауға бағытталған ресурстарды зерттеу, оларды физика, математика, ИЕТ сабақтарында демонстрациялық материал ретінде қолдану.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Байланыс жерсеріктерін құру тарихы туралы ғылыми деректермен танысу
  2. Жердің жасанды серігінің маңыздылығын бағалау (ЖЖС)
  3. Космос тұрғысынан Жермен өзара іс-қимылда ЖЖС үлгісін жасау жолдарын қарастыру
  4. Математикалық есептер мен компьютерлік технологияларды қолдану арқылы Жер композициясымен бірге ЖЖС үлгісін жасау
  5. Физика, математика, ИЕТ пәндеріне деген танымдық қызығушылықты арттыру

Гипотеза: Түрлі ақпарат көздерін зерттеп, заманауи компьютерлік технологияларды жақсы білетін адамдармен әріптестік орната келе, 8-сыныптың оқушысына Космос тұрғысынан Жермен өзара іс-қимылда ЖЖС үлгісін жасау мүмкін бе?

Зерттеу нысаны: Қазақстанда және шет елдерде бар байланыс жерсеріктері

Зерттеу заты: Жердің және жерсерігінің үлгісін жасау әдістері

Зерттеу әдістері:

  • Әдебиет жинау және зерттеу
  • Әдебиетті сараптау
  • Үлгіні жасау және құру
  • Нәтижелер

Өзектілігі: Қазақстан көптеген жерсеріктерін іске қосу үшін бірегей бастау алаңы болып табылады. Оның төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізу олардың фукционалдық маңыздылығы жайлы білімді кеңейтуге көмектеседі.

Қорытынды және нәтижелер: Байланыс жерсерігі және  жердің 3D үлгісін, физика, математика, ИЕТ сабақтарына арналған виртуалды үлгілерін құру.

 

 

 

 

Ахтанов сертификат Ахтанов диплом