Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің пәндік апталығы

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің пәндік апталығы

2017 жылы  қаңтар  айының  16-21 жұлдызы аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті.   Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болады.  Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік жұмыстармен  ұштасады. Сол себепті биылғы оқу жылында апталықта бірнеше сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланды.   Барлық өткізілген іс-шараларға оқушылар жауапкершілікпен белсенді түрде  қатысты.  Апталықтың ашылу салтанаты бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінің даму тарихына шолуынан басталып,  мұғалімдеріміздің тамаша ұлтттық рухты көтеретін әнімен жалғасты.

Апталықтың   келесі күні  8 – 9 сынып оқушыларының арасында  «Ұлы  дала ұрпағы»  атты танымдық сайыс  өтті. Оқушылар іс-шара барысында еліміздің әр аймағымен жақын танысып, көп ақпарат алды.  Сонымен бірге әдебиет пәнінен сұрақтарға жауап берді.   Әр аймақтың белгілі ақындарының шығармаларын орындап, өнерлерін көрсетті.   

Оқушылардың ақындық шығармашылығын шыңдау мақсатында «Ақ қауырсын»  сайысы ұйымдастырылды. Оқушылар өлең ұйқастарын жалғастырып, ақындық қабілеттерін көрсете білді.  

7- сынып оқушыларымен  мәнерлеп оқу қабілетін анықтау, өз шығармашылығын көпшілікке таныту мақсатында түрлі сайыстар, кештер ұйымдастырылды. 7 қазақ сыныптарының оқушыларымен «Қайсар  рухты қаламгерлер тағылымы»   әдеби-танымдық  кеш  өтті.  Оқушылар өздерінің арнауларын оқып, ақындарымыздың шығармашылығынан үзінділер оқыды.  

Қазақ тілі мұғалімі Қайрат Закерияаның ұйымдастыруымен жүріп жатқан,  дебаттық клуб қатысушылары өз көкейлерінде жүрген сұрақты талқылап, пікірталасқа түсті.    «ХХI ғасыр  жастары» атты тақырып бойынша оқушылар қоғамдағы өзекті мәселені талқылап, өз пікірлерін білдірді.

Апталықта әдістемелік бірлестікте  «Рефлексия жазу шаблоны. Рефлексия мен кері байланыс айырмашылығы»  атты коучинг өтті. Мира Саниевна өз тәжірибесімен бөлісіп,   мұғалімдермен ой бөлісті.  Мұғалімдер кері байланыс пен рефлексияның  тиімділігі  туралы ойларымен бөлісті.

Апталықтың соңғы күні жергілікті ақын, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев «Сыр-сұхбат» бағдарламасының құрметті қонағы болды.

Кездесуде оқушыларымыздың көкейлерінде жүрген сан түрлі сұрақтарына кешіміздің қонағы ағынан жарылып, еш бүкпесіз жауап беріп отырды. Кеш барысында белгілі әнші Мереке Бекмағамбетов ақын өлеңіне жазылған «Айнакөл жағасында» әнін шырқаса, мектеп оқушылары ақын өлеңдерін нақышына келтіре, жатқа оқып берді. Ақын да «қонақкәде» ретінде жыр шумақтарынан шашу шашып, домбырамен әуелете ән шырқады. Шара соңында белсене қатысқан оқушыларға ақын өзінің өлең жинақтарына қолтаңбасын қалдырып сыйға тартты.

Апталықтың қорытындысы бойынша оқушылар мадақтама грамотасымен марапатталды. Әдістемелік бірлестікте нәтиже талқыланып,  ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта әдеби танымдық іс-шараларды ұйымдастыруда барлық сынып оқушыларын қатыстыруды, көпшілік алдына көп шыға бермейтін оқушыларды қатыстыру, оқушылардың   ақындық, шығармашылық қабілеттерін дамыту жоспарланды.  Апталықтың нәтижесі бойынша Закерияа Хайраттың мақаласы  «Көкшетау» газетіне шықты.

ӘБ жетекшісі

  Рахимова Д.Ш.