Ғарыштық аппараттар бөлшектерін жасау үшін ЖӨТ синтезімен кеуекті композитті материалдарды алу

Индира КаиржановаЖоба тақырыбы: Ғылыми жобаның тақырыбы: «Ғарыштық аппараттар бөлшектерін жасау үшін ЖӨТ синтезімен кеуекті композитті материалдарды алу»

Авторы: Каиржанова Индира, 9 «С» сынып оқушысы

Пәні: химия, физика

«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеу бойынша XІ Халықаралық ғылыми байқау» – 1 дәрежелі диплом, Байқоңыр, 2019 ж.

Жетекшісі: Сатиева С.С.

Мақсаты: ғарыштық техникада жоғары төзілімділікке,беріктіліке ие болатын титан қоспалары негізінен тұратын кеуекті композиттік материалдарды ЖӨТС әдісімен алу.

Мәселенің өзектілігі: бәріміз де білгеніміздей, мемлекеттің сан алуан салалары ғарыштық техниканың дамуына тәуелді. Мәселен, маңызы зор ғаламтор, спутниктік желілер мен радио ғарыштық технологиярдың дамуымен бірге адам өміріне енді. Сондықтан да, Қазақстандағы космонавтиканы жетілдіруі болашақ өнертабыстарға жаңа жолдар ашады, ал жас ұрпақты инновациялық ашулары жаңа технологиялар заманының іргетасын қалауға атсалысады. Қазақстанда шығатын ғарыштық аппарат бөлшектерін жасау үшін кеуекті композициялық ЖӨТС материалдарын алу өзінің артықшылықтарына орай ғарыштық индустрияның дамуына үлесін қоса алады.

Зерттеу тәсілдері мен кезеңдері:

  1. Ti-C жүйесінің жану процесінің негізгі заңдылықтарын зерттеу.
  2. Технологиялық параметрлердің Ti-C жүйесінің түйіршіктелген шихталарынан синтезделген кеуекті материалдардың сипаттамаларына әсер етуін зерттеу.
  3. 3.ЖӨТС әдісімен Ti-C жүйесінің титан қосылыстарының негізіндегі кеуекті материалдарды алу тәсілдерін қарастыру.
  4. Синтезделген кеуекті үлгілердің микроқұрылымын, химиялық жәнефазалық құрамын зерттеу.

Ғылыми жобаның жаңалығы: ЖӨТС әдісі ғарыштық құрылғылларүшін материалдарды өндіруде қолданылады. Алайда, ғарыштық индустрияда Ti-C қүрамды кеуекті композитті материал қолданылған жоқ.

Зерттеу нәтижелері:

  1. Жалпы кеуектілігі 50%-дан жоғары болатын титанның баяу балқитын қосылысының (титан карбиді) негізінде кеуекті материал алынды.
  2. Кеуектік кеңістік өлшемі 50-400 мкм аралығында болатын ашық кеуекті біртұтас қаңқа болып табылады.
  3. Ti-C жүйесінің жану процесінің негізгі технологиялық параметрлердің әсері зерттелді: ЖӨТС синтезінің жану процессінің температурасы, жылдамдығы мен материалдың өлшемдері, дисперстілігі.
  4. Р = 55МПа пресстеу қысымы кезінде ТПП-7 маркалы титанды қолданумен, Ti+0,4C құрамды түйіршіктелген шихтадан синтезделген үлгі үшін сығу кезіндегі беріктілік шегі σсығ= 29 МПа құрайды.