Алия Мукажанова республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Алматы қаласының «Tamos Education Physics and Mathematics School» мектебінде Central Asia Biology Olympaid 2024 биология пәнінен олимпиада өтті. Мектептің 10-сынып оқушысы Алия Мукажанова білім сайысында жүлделі 3-орынға ие болды.

Республикалық олимпиада екі кезеңнен құралды. Оқушылар әуелі онлайн форматтағы іріктеу кезеңінен өтіп, ақтық кезеңге жолдама алды. Алия еліміздің өзге білім ордаларының оқушыларымен бәсекелесіп, 3-орынға тұрақтады.

IMG_3184 (1)