«Қимаймын сені, соңғы қоңырау!»


Дәл осындай атаумен Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде соңғы қоңырауға арналған салтанатты шара өтті.

Мектеп директоры Шырын Салкеновна оқушылар мен ұстаздарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, жас түлектерге сәт сапар тіледі. Сондай-ақ 2021-2022 оқу жылы Көкшетау NIS үшін жемісті жыл болғанын алға тартты. Осы жылы оқушылар көптеген Халықаралық байқаулар мен республикалық сайыстарға, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, топ жарды. Білім алушылар алғыс хаттар мен сертификаттарға, жүлделер мен сыйақыларға, өз жобаларына авторлық құқықтарға ие болды. Оқу үздіктері мен мектеп белсенділеріне мектеп әкімшілігі атынан марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Соңғы қоңырау шарасында мектеп оқушылары қос ішекті күмбірлете күй тартып, әуелете ән шырқап, асқан икемділікпен би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Мектеп ұстаздары да бітіруші түлектерге жылы лебіздерін ән арқылы жеткізіп, ақ жол тіледі. Ақжарма тілектерін ата-аналар да айтып, мектеп ұжымына алғыстарын жеткізді.

Дәстүр бойынша соңғы қоңырау соғылып, жас түлектер 11-сынып оқушыларына естелік сыйлықтарын табыстады. Мазмұнды шара «NIS Challenge» интеллектуалды ойынымен қорытындыланды.

Жас түлектерге сәт сапар тілейміз!

IMG_2033IMG_1953IMG_1853IMG_1844IMG_1660IMG_1307IMG_1634IMG_1130IMG_0922