«Менің атам- майдангер»

«Менің атам- майдангер»

 

Ұлы Отан  соғысы – адам баласының адамдық қасиетке жатпайтын өзімшілдігі,зымиян ойлылығы мен озбырлығынан басталды. Қанша адам жақындарынан айрылды? Соғыс жылдары қанша адам туған жерден жырақ жүріп, қаншасы қаза тапты? Қанша жас қыршын кетті? Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Біздің ауылдан бірнеше жас жігіттер соғысқа шақырылды. Солардың ішінде менің атам – Байгарин Бекжан да болған.

Менің атам 1924 жылы дүниеге келген. Сегіз жылдық мектепті бітіріп, өз қалауынша 1941 жылы 17 жаста майданға кеткен. Әскери борышын өтеп келгенде, соғыс басталып, атам майданға аттанды. Соғысқа барғанға дейін әскери дайындықтан өтті. Курск қаласы үшін соғысып сол жерде белгісіз жоғалып кеткен. Дайындық өткенде, соғыс кездерде жақындарын сағынып, үйге үшбұрышты хат жазып жіберген. Ең соңғы хат Курск каласына аттанар кезде жіберілген. Бірақ сол хаттар бүгінгі күнге дейін сақталмаған.Тек,1943 жылы әжем Байгарина Мақтайға жазылған хаты ғана сақтаулы. 

ba1

(Атамның жас кезі)

ba2

(1943 ж.Атамның әжеме жазған хаты)

 

Менің атамды және барлық Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді біз өз есімізде, жүрегімізде сақтауымыз керек. 

 

Байгарина Асия

7«В» сынып оқушысы