ҰШҚАН ҰШҚЫШ

ҰШҚАН ҰШҚЫШ

 

Қазақ ұшқыштарының бірі – майданда сандаған ерлік жасап, жанын пида еткен көкшелік арғы атам Хамидолла Хасенеевтің есімін еске алуды парыз санадым.

Балалық шағын ауылда өткізгеннен кейін жас Хамидолла туған ауылынан кетпекші болмақ. Ата-анасына бар айтқаны екі сөз: “Оқу оқимын”. Алған беті Көкшетау. Пойызға міне сала бір топ жігіттер көрінді.

– Қайда барасын?

– Көкшетауға.

– Көкшетауында ештене жоқ. Барлық оқу Қарағандыда. Бізбен бірге жүр. Көнбесен көресін.                                                                                        

Амал жоқ көнуге тура келді. Қарағандыда барлық оқу орындарында алған жоқ, сонда шахта манайында қара жұмыс істеп, нанын тапты. Біраздан соң әскери комиссариаттын өткенде өзідей жас жігіттер жүр екен. Жақынырақ барғанда сапқа тұрды. Бағыттары Мәскеу еді, одан әрі фин соғысы. Хамидолла ұшқыштар авиаучилищені бітіріп, ұшқыш атанды. Ұшқыш болу оңай емес, қазіргі ғарышкерлер сияқты қолдары балтадай, жүйкесі темірдей. Хамидолла екінші ұшқыш болды. Бір күні Иван ұшқышы екеуін немістер аспанда атады. Оларға тимеген оқ, жандарына тиген болатын. Ұшақты қондыру керек, бар білгенін жасап ұшақты әрен қондырды. Жерге қонғанда Хамидолла қатты жарақаттанды. Оны жерде бір кемпір мен шал тауып алады. Көзін ашса госпитальда жатыр екен. Дәрігерлер оны “Көйлек ішінде жаралған адам” дейді. Көп қан жоғалды, тобы белгісіз.Сонда кез-келген қан құйылды. Аман қалды.Оң қолынан екі саусақты кесуге тура болды. Елге оралғанда, муғалім болды. Бір аяғына гангренадан протез қойды. Гангрена өрши берді, өрши берді. Ақыры 42 жасында дүние салды.

Ұлы Жеңісті жақындата түсуге себеп тигізген арғы атамыздын атын еске алу парыз деп санадым. Егер ертең балалар атамыз соғысқа барып, ұшқыш атанды деп мерей тұтса несі айып.

P.S. Атадан қалған жалғыз хаттан сурет…

 

Сакенова Айгерім

7 «А»  сынып оқушысы