Байқау тесті

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ

7-СЫНЫПТАРЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІ

Байқау тестілеуі 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Астана қ. Халықаралық мектепте компьютерлік форматта өткізіледі (әр мектептегі орын саны шектеулі).

Байқау тестілеуі 7-сыныптарға конкурстық іріктеудің барлық тест бөлімін қамтиды.

Байқау тестілеуі ақылы негізде жүзеге асырылады (12 000 теңге).

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Тест бөлімі Тапсырма саны Берілетін уақыт Максималды балл
1 Математика 40 тапсырма 60 минут 400
2 Сандық сипаттамалар 20 тапсырма* 10 минут 100
3 Жаратылыстану 20 тапсырма 30 минут 200
  ҮЗІЛІС 10 минут
4 Қазақ тілі (бірінші тіл) 20 тапсырма 120 минут 200
5 Орыс тілі (екінші тіл) 20 тапсырма 200
6 Ағылшын тілі 20 тапсырма 200
Барлығы 140 тапсырма 3 сағат 50 минут

(үзіліс уақытын қоса алғанда)

1300

* Негізгі конкурстық іріктеуде «Сандық сипаттамалар» бөлімі 60 тапсырмадан тұрады. Аталған тест бөлімінің форматымен танысу мақсатында байқау тестілеуі аясында 20 тапсырма ғана беріледі.

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

 

2023-2024 оқу жылында 5 байқау тестілеуін өткізу жоспарланған.

 

Байқау тестілеуі өткізілетін күн Тестілеуге тіркелу және қатысу үшін орын брондау*
1 23 желтоқсан 2023 ж. 11-20 желтоқсан 2023 ж.
2 20 қаңтар 2024 ж. 25 желтоқсан 2023 ж. – 17 қаңтар 2024 ж.
3 3 ақпан 2024 ж. 22-31 қаңтар 2024 ж.
4 17 ақпан 2024 ж. 5-14 ақпан 2024 ж.
5 2 наурыз 2024 ж. 19-28 ақпан 2024 ж.

 

* Байқау тестілеуіне қатысуға тіркелу және орын брондау trialtest.nis.edu.kz онлайн тіркелу порталында жүзеге асырылады. Әрбір байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондау қажет.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ОРЫН БРОНДАУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

 

1-қадам. Байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілінің (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші, т.б.) trialtest.nis.edu.kz онлайн тіркелу порталында тіркелуі.

2-қадам. Заңды өкілдің жеке кабинетінде оқушының жеке мәліметтерін енгізу.

3-қадам. Орын брондау:

  • байқау тестілеуі өтетін күнді және орынды (мектепті) таңдау;
  • байқау тестілеуіне қатысу шарттарымен (оферта) танысу және келісу.

4-қадам. Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысын төлеу (онлайн/Қазақстан Республикасының банк бөлімшелері арқылы).

5-қадам. Заңды өкілдің жеке кабинетінен байқау тестілеуіне қатысу рұқсатнамасын жүктеп алу  (мектепке келу уақыты рұқсатнамада көрсетіледі).

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ, МЕКЕНЖАЙЫ

Онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz) тіркеуден өту және басқа да техникалық сұрақтар бойынша мектептердің қолдау қызметіне көрсетілген телефон нөмірлері арқылы  хабарласуыңызға болады.

 

Мекен-жай: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ, Ж. Тлеулин көшесі, 59

Байланыс нөмір: 8 (7162) 25-31-40