banner

Психологиялық қызмет

ПCИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Психологиялық қызмет жұмысының мақсаты – оқушылардың бейімделушілік  дағдыларын дамытуға, дамудағы  қиындықтарды жеңуге, оқу және жұмыс стрессін төмендетуге, өзін-өзі анықтай отырып, кәсіптік бағдарлануға көмек көрсету арқылы білім беру процесіне қатысушылардың психикалық денсаулығын, әл-ауқатын қолдау және дамыту болып табылады.

 Психологиялық қызметің мақсаттарын жүзеге асыру үшін мынадай бағдарламалар іске асырылады:

 жаңадан келген оқушыларды бейімдеу бағдарламасы (7-сынып). Оқушылардың бейімделу кезеңінде жеке ерекшеліктерін зерттеу, сынып ұжымын біріктіру, мектептегі дезадаптация құбылыстарының алдын-алу бойынша іс-шаралар өткізіледі. 

 «Берік отбасы» бағдарламасы  (7-сынып) жеті бөлімнен тұратын сабақтарды қамтиды және оның негізгі мақсаты – оқушылар мен олардың ата-аналары арасындағы жақсы қарым-қатынасты дамыту болып табылады.

«Кәмелетке толмағандар арасындағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасы (8-сынып) жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мақсатында өткізіледі. 

емтихан алдындағы стрессті төмендетуге бағытталған «Сабырлы бол!» бағдарламасы мектеп оқушыларының емтихандарға деген эмоционалды-оң көзқарасын, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, мектептегі мазасыздық деңгейін төмендету мақсатында жүзеге асырылады.

«Жетістік психотехнологиясы», «Болашақты басқару»  бағдарламалары алда кездесетін өмірлік міндеттерді шешуді жеңілдететін практикалық дағдыларды қалыптастыру арқылы, 11,12-сынып оқушыларында бейімделу механизмдерін күшейтуге бағытталған. Бағдарлама мектеп бітіруші түлектердің өмірлік маңызды бейімделу қасиеттерін дамытуда маңызды болып табылады.

«Өз қалпыңда өзгелермен өмір сүр» жеке тұлғаны дамытудың элективті курсы. Бағдарлама Зияткерлік мектептердің 7-8 сынып оқушыларына арналған. Бағдарламаның мақсаты дербестікті, өз іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті, проблемаларды шешу дағдыларын және бейімделу мінез-құлқын дамыту арқылы оқушылардың жеке құзыреттерін дамыту болып табылады.