banner

Медициналық қызмет

Медициналық қызмет көрсету

Медициналық қызмет көрсету – оқушылардың, сонымен қатар жатақхана тәрбиеленушілерінің денсаулығын сақтайтын және нығайтатын, салауатты өмір сүру салтына қатысты жұмыс түрлерін ұйымдастыратын Зияткерлік мектептің құрылымдық бөлімшесі.

Медициналық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы мен лицензиясына және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының 2015 жылдың 14 желтоқсанындағы шешімімен бекітілген (№62 хаттама) Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Медициналық қызмет туралы типтік ережесіне сай жүргізіледі.

Медициналық қызмет міндеттері:

1) оқушылардың денсаулығы мен физикалық және жүйке-психикалық дамуын бақылау;

2) Зияткерлік мектеп оқушыларына кең таралған аурулар кезінде, жарақат алғанда, улану немесе шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық-санитарлық және кеңес беру-диагностикалық көмек көрсету;

3) Зиякерлік мектепте бастапқы емдеу және алдын алу, сауықтыру, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар өткізу;

4) Бақылауға алатын тұстары:

– санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар режимінің орындалуы;

– оқу-тәрбие қызметінің рационалды режимінің қадағалануы;

– оқушыларды тамақтандыру сапасы арқылы дене шынықтыру мен еңбекке баулудың ұйымдастырылуы;

5) гигиеналық тәрбие мен санитарлық ағарту жұмыстарының жүргізілуі.