ЖЕЛІЛІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бес күн бойы 300-ден астам жас зерттеуші сараптама комиссиясына өз өнертабыстарын ұсынды. Жоба тақырыптары жан-жақты әрі алуан түрлі. Сайысқа төрт бағыт бойынша барлығы 264 жоба ұсынылды.
Апталық жарыс қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының НЗМ оқушылары «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша Мухамеджанов Абылайхан мен Лапитан Максим бірінші орынға ие болды.
Жүлделі үшінші орынға:
«Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша Ахтанов Асанали, Касенова Камила және Қуанышбеков Еділ
«Таза табиғи орта – «Казақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» бағыты бойынша Ерназаров Елдар және Салемова Хадиша ие болды.
Енді конкурстың жеңімпаздары ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің абыройын қорғайтын болады.