“Жазғы мектеп – 2022”

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған NIS Жазғы мектебін ұйымдастырады.

Сіздерге қызықты әрі пайдалы «Физикадан зертханалық жұмыстар» курсы ақылы түрде өтеді.

Бұл курс 7-9 сынып оқушыларының физикадан алған білімдерін тәжірибе арқылы кеңейтіп, жүйелеуге, сонымен қатар практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

7-9 сынып оқушыларын 26 мамыр мен 3 маусым аралығында жұмыс жүргізетін Жазғы мектепке шақырамыз!

 

«Физикадан зертханалық жұмыстар»:

08.30 – 08.45 – Таңғы ас

08.45 – 09.00 – Флешмоб

09.00 – 09. 40 – 1. «Physics Experiments»

09.50 – 10.30 – 2. «Physics Experiments»

10.40 – 11.20 – 3. «Physics Experiments»

11.20 – 11.40 – Түскі ас

 

Тіркелу төмендегі сілтеме бойынша жүргізіледі:

https://summerschool.nis.edu.kz/ 

С повышением! (1)