«Жазғы мектеп – 2022: қорытынды мен нәтиже»

Бүгін 26 мамыр мен 3 маусым аралығында жұмыс істеген «Жазғы мектептің» жабылу салтанаты өтті. Шара 4-маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылды. Осы 1 апта аралығында оқушылар түрлі сабақтар мен танымдық сағаттарға қатысып, білім-біліктерін шыңдады. Сондай-ақ денелерін шынықтырып, шығармашылық қабілеттерін де арттыра алды.

Оқушыларға физика, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, география, биология, химия, математика сабақтары,  «робототехника», «SMM», «IELTS», «қызықты математика», «веселая наука», «веселые нотки», «умелые ручки», өнер, «Ceramic Art», домбыра, музыка, актерлік шеберлік, қолданбалы өнер, «Физикадан зертханалық жұмыстар», «шешендік өнер» курстары, шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол, хореография сияқты спорт сабақтары өткізілді.

Айта кетейік, жазғы мектептің соңғы күнінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылды. Егемендіктің символы саналатын рәміздерді құрметтеу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы екені белгілі.

«Жазғы мектепте» жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, белсенділігімен көзге түскен оқушылар мен сыныптарға шара соңында сертификаттар табысталды. Салтанатты шара ән шашумен аяқталды.

IMG_3918IMG_3908IMG_3889IMG_3842IMG_3819IMG_3810IMG_3784IMG_3766