Жас зерттеушілер Бурабайда

«Young Explorers-2022» зерттеу курсының екінші күні Щучье-Бурабай курорттық аймағында өтті. Жас зерттеушілер жұмыстарын ең әуелі «Ақбура» демалыс орнынан бастады. Тап осы жерде курс жетекшісі Алисия Преэссел оқушыларға ашық аспан астында сабақ өткізіп, қоқысты жинаудың, сұрыптаудың ретін көрсетті.

Күннің екінші жартысында қатысушылар «Бурабай» көлінің маңында, Абылайхан алаңында зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Оқушылар деректер мен мәліметтер жинап қана қоймай, қажетті кеңестер алып, естелік суреттерге түсіп, ең бастысы, әсем табиғат аясында пайдалы бір күндерін өткізді.

Кезекті күн TEDx форматында өткен “Мен оқыған бір кітап” шарасымен қорытындыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-9 сынып оқушыларына арналған зерттеу курсы 16-маусымға дейін жалғасады.

IMG_6257IMG_6232IMG_6226IMG_6342IMG_6334IMG_6270IMG_6263