Үздік жас жазушы

Көкшетау қаласының NIS 12 сынып оқушысы Нұрсұлтан Сарбай Қазан қаласында өткен әдеби байқауында «Орыс тіліндегі Проза» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды.
120 үміткердің ішінен Нұрсұлтан әдебиет майталмандарымен үздік жас жазушы ретінде сайланды. Байқауға қатысушылар орыс және татар тілдеріндегі проза, поэзия, екі тілдегі көркем аудармалар, эсселер мен шығармаларды ұсынды.
Нұрсұлтан әңгімелерді 7 сыныптан бастап жаза бастады, бұл оның сүйікті, қызыға қарайтын ісі. Олардың кейбіреулері «Простор», «Дактиль» және «Литературная Алма-ата» журналдардың беттеріне түсті.
– Менің әңгімелерім достарым, достық және адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы. Маған конкурсқа сілтеме жіберілген болатын, қатысуға шешім қабылдадым, енді міне «Глаголица» тәуелсіз әдеби сыйлығының конкурсында 1 орын иегері атандым, – дейді Нұрсұлтан.
Нұрсұлтанға сәттілік тілейміз және жаңа жұмыстарыңды асыға күтеміз!
269742597_765863511037283_6810047481542311152_n269941269_765863497703951_5354072915095143670_n