ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН НЗМ ЖЕЛІЛІК СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

1-3 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан ІV желілік спартакиада өтті. Ежелгі ойынның жас жанкүйерлері қарсыластарымен онлайн форматта кездесті.
Мектеп намысын қорғаған 5-сынып оқушысы Сарсенбай Ажар жеңіске жетіп, 1-орын иегері атанды. Ал 12-сынып оқушысы Буленбай Нурсауле мен 6-сынып оқушысы Культемиров Бернар 3-орынға ие болды.
Сондай-ақ, кіші жас тобында жалпы командалық 2 орынды: Сәрсенбай Ажар және Культемиров Бернар жеңіп алды! Оқушыларды дайындаған Белгібаев Қанат Сәрсенбайұлы.
Естеріңізге сала кетсек, жарыста Назарбаев Зияткерлік мектептерінен жалпы 90 оқушы бақ сынады.