Көкшетау NIS-те семинар ұйымдастырылды

Қазіргі таңда «Skillfolio JUNIOR» бағдарламасына сәйкес оқушылардың дағдыларын дамытудың 7 модулі белгілі.

Осыған сәйкес Көкшетау қаласындағы NIS-те «сыни ойлау» және «жүйелі ойлау» модульдері бойынша семинар ұйымдастырылды.

Оны педагог-ұйымдастырушы-кураторлар Гульжанат Беккожина мен Назгуль Амерханова өткізді.

Айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша жыл басынан бері педагог-ұйымдастырушы-кураторларға арналған семинарлар өткізіліп келеді.

Аталмыш семинарлардың мақсаты – қызметкерлер арасында тәжірибе алмасу, біліммен бөлісу.  

IMG_5479IMG_5394IMG_5387IMG_5373IMG_5343IMG_5333IMG_5330